А Т мамандарына арналған хабарландырулар, ресурстар және іс-шаралар

Tech Community

Microsoft қауымдастығындағы сарапшыларға Office 365 және басқа да Microsoft өнімдерін ортақ пайдалануға, олар бойынша бірлесіп жұмыс істеуге және мәлімет алуға мүмкіндік беретін бірыңғай орынға кіріңіз.

 

Office 365 даму стратегиясы

Даму стратегиясы Office 365 жаңартулары мен өзгертулеріне арналған ресми сайт болып табылады. Іске қосылған, ендірілген және әзірлеу сатысындағы мүмкіндіктер туралы мәлімет алу үшін, осы сайтқа кіріңіз.

 

FastTrack қызметі

Office 365 қызметін сәтті ендіру әрбір адамға жаңа жолмен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Office 365 қызметін сәтті ендіруге қажет ресурстарды, құралдарды және сарапшыларды табыңыз.

 

Microsoft Mechanics

А Т мамандарына арналған ең соңғы Office технологиялық инновацияларын, техникалық жазбаларды және демо нұсқаларын алу үшін, ресми бейне арнаны қараңыз.

 

Техникалық іс-шаралар

АТ мамандары мен әзірлеушілерге арналған тегін техникалық оқыту іс-шарасы болып табылатын Microsoft технологиялық саммитінде ұсынылатын соңғы бұлттық технологиялар арқылы дағдыларыңызды дамытыңыз. Сізге жақын қаланы табыңыз!

 
техникалық іс-шаралар

Office блогтері

Microsoft Office 365 қызметі және оған қатысты құралдар мен технологиялар туралы ең соңғы блог жазбаларының, веб-трансляциялардың, жаңартулар туралы жаңалықтардың және өнім бойынша кеңестердің толық көрінісіне ие болыңыз.

 

Office 365 әкімші анықтамасы

Office 365 қызметін барынша оңтайлы пайдалануға көмектесетін мақалалармен, бейнелермен және оқу материалдарымен танысыңыз. Домен атауын қосыңыз, адамдарды басқарыңыз, жазылымдарға тапсырыс беріңіз және басқа да көптеген әрекеттерді орындаңыз.

 

PowerShell

Сіз PowerShell қызметімен әлі жұмыс істеп көрмеген Office 365 әкімшісіз бе? PowerShell қызметінің көмегімен қайталанатын тапсырмаларды автоматтандырып, қосымша басқару мүмкіндіктеріне қол жеткізе аласыз.

 

Әкімші бағдарламасы

Office 365 қызметін кез келген жерден басқарыңыз! Office 365 әкімші бағдарламасы жол үстінде барлық жаңалықтардан хабардар болуға, қолдау алуға және пайдаланушыларды басқаруға мүмкіндік береді.

 

Техникалық академия

АТ кәсіпқойлары мен әзірлеушілерге арналған, контенті мен үйрету жолдары үздіксіз жаңартылып отыратын тегін мультимедиалық оқыту материалдарының арқасында бұлтпен жұмыс істеу біліктілігіңізді арттырыңыз.