Office қызметі туралы жиі қойылатын сұрақтар

Office және Office 365 туралы жиі қойылатын сұрақтардың жауабын табыңыз. Іскери пайдаланушыларға арналған сұрақтар мен жауаптарды алу үшін, Бизнеске арналған Office 365 туралы жиі қойылатын сұрақтар бөліміне кіріңіз.

Басты сұрақтар

Барлығын көрсету

Office 365 жазылымының жоспарлары арқылы сіз толық орнатылған Office бағдарламаларына қол жеткізесіз: Word, Excel, PowerPoint, OneNote, Outlook, Publisher және Access (Publisher және Access бағдарламасы тек ДК құрылғысында қолжетімді). Office 365 жиынтығын бірнеше құрылғыда, соның ішінде ДК, Mac құрылғыларында, Android™ планшеттерінде, Android телефондарында, iPad® және iPhone® құрылғыларында орнатуға болады. Оған қоса, Office 365 жиынтығымен онлайн сақтау орны бар OneDrive қызметін және үйде пайдалануға арналған Skype минуттарын аласыз. Сізде белсенді Office 365 жазылымы болған кезде, сізде әрқашан Office бағдарламаларының жаңартылған нұсқасы болады. Office 365 туралы қосымша мәлімет.

Бір реттік сатып алу ретінде Office жиынтығына бір ДК немесе Мас құрылғысында пайдалануға арналған Word, Excel және PowerPoint сияқты бағдарламалар кіреді. Бағдарламалар автоматты түрде жаңартылмайды; ең соңғы нұсқаға қол жеткізу үшін, жаңа нұсқасы қолжетімді болған кезде Office бағдарламасын қайта сатып алуыңыз қажет. Бір реттік сатып алу үшін қолжетімді ағымдағы Office бағдарламасының нұсқалары - Windows және Mac жүйелеріне арналған Office 2016. Алдыңғы нұсқаға Office 2013, Mac жүйесіне арналған Office 2011, Office 2010, Office 2007, Mac жүйесіне арналған Office 2008 және Mac жүйесіне арналған Office 2004 бағдарламалары кіреді. Office 2010 және Office 2007 бағдарламалары Windows 8.1 және оның алдыңғы нұсқаларымен үйлесімді. Бір реттік сатып алу ретінде Office жиынтығына Office 365 жиынтығында қамтылған қызметтердің ешқайсысы кірмейді. Office 365 және Office 2016 арасындағы айырмашылық туралы қосымша мәлімет алыңыз.

Office жиынтығының ағымдағы нұсқасы Windows 7 немесе одан кейінгі нұсқасы орнатылған ДК құрылғыларына және Mac жүйесіне арналған Office 2007 үшін Mac OS X 10.10 жүйесі орнатылған Mac құрылғыларына қолдау көрсетеді. Apple® және Android™ планшеттеріне арналған талаптармен қоса қосымша ақпарат алу үшін, толық жүйе талаптары.

Жоқ. Office қолданбалары әр платформада және құрылғыда ең тиімді жұмыс істеу үшін арнайы дайындалған. Mac пайдаланушыларына қолжетімді Office бағдарламалары және нұсқа нөмірлері дербес компьютер пайдаланушыларына қолжетімді түрлерінен өзгеше болуы мүмкін.

Office 2007, Мас жүйесіне арналған Office 2008, Office 2010, Мас жүйесіне арналған Office 2011, Office 365, Office 2013 және Office 2016 бағдарламалары құжаттарды ешбір қосымша әрекетсіз аша алады. Office жиынтығының алдыңғы нұсқаларын пайдаланатын тұтынушылар үйлесімділік жиынтығын жүктеп алуы және орнатуы керек болуы мүмкін.

Иә. Сіз жасаған құжаттар толығымен сіздікі болады. Оларды OneDrive сақтау орнында онлайн режимде сақтауыңызға немесе ДК не Mac құрылғысындағы жергілікті дискіге сақтауыңызға болады. Жазылымнан бас тартқан жағдайда орын алатын әрекеттер туралы мәлімет.

Office жиынтығының соңғы шығарылымдарын және барлық Office 365 жазылым жоспарларын орнату және іске қосу үшін, интернетке қосылу қажет. Office 365 жоспарлары үшін де жазылым тіркелгісін басқару, мысалы, Office жиынтығын басқа компьютерлерге орнату немесе шот ұсыну параметрлерін өзгерту үшін, интернетке қосылу қажет. Сондай-ақ, OneDrive жұмыс үстеліне арналған бағдарламасы орнатылмаған жағдайда, OneDrive қызметіне сақталған құжаттарға кіру үшін, интернет қосылымы қажет. Сонымен қатар, Office нұсқасын жаңартып тұру және автоматты жаңартуларды пайдалану үшін, интернетке жүйелі түрде қосылып тұру керек. Егер интернетке кемінде 31 күн сайын қосылмасаңыз, бағдарламалар шектелген функциялық режимге өтеді, яғни құжаттарды көре немесе басып шығара аласыз, бірақ құжаттарды өңдей немесе жаңаларын жасай алмайсыз. Office бағдарламаларын қайта іске қосу үшін, интернетке қайта қосылыңыз.

Word, Excel және PowerPoint сияқты Office бағдарламаларын пайдалану үшін, интернетке қосылу қажет емес, себебі бағдарламалар компьютерге толығымен орнатылған.

Microsoft тіркелгісі Hotmail, OneDrive, Windows Phone, Xbox LIVE және Outlook.com сияқты қызметтерге кіру үшін пайдаланатын электрондық пошта мекенжайы мен құпиясөз тіркесімі. Осы қызметтердің кез келгенін пайдаланатын болсаңыз, сізде пайдалануға болатын Microsoft тіркелгісі болады немесе жаңа тіркелгі жасай аласыз. Microsoft тіркелгісі туралы қосымша мәлімет алыңыз. Office жиынтығын сынап көру немесе сатып алу процесінің бөлігі ретінде сізден Microsoft тіркелгісімен кіру сұралады. Office бағдарламалық жасақтамасын орнату және басқару немесе кейбір жазылым артықшылықтарын, соның ішінде, OneDrive сақтау орнын пайдалану үшін осы тіркелгімен кіру керек.

Пайдаланушылар Үйге арналған Office 365 және Жеке қолдануға арналған Office 365 жиынтығы үшін 1 жазылымды, ал Үйге және оқуға арналған Office 2016, Үйге және бизнеске арналған Office 2016 және Кәсіпқойларға арналған Office 2016 жиынтығы үшін ең көбі 25 лицензияны белсендіруге болады.

Office сынақ нұсқалары туралы

Барлығын көрсету

Иә. Үйге арналған Office 365 жиынтығын бір ай тегін сынап көру үшін, Office веб-сайты арқылы тіркелуге болады. (Тегін сынақ нұсқасын алу үшін, кредиттік карта талап етілетінін ескеріңіз.) Сынақ нұсқасы Үйге арналған Office 365 жиынтығының барлық мүмкіндіктеріне қатынасу рұқсатын береді. Ол келесілерді қамтиды:

  • Толық Office жұмыс үстелі бағдарламалары (Windows жүйесі орнатылған ДК құрылғыларына арналған Word, PowerPoint, Excel, OneNote және Outlook, оған қоса, Publisher және Access).
  • Құжаттарды, фотосуреттерді және бейнелерді онлайн режимде сақтауға және оларға кез келген жерден қатынасуға арналған 1 ТБ қосымша OneDrive бұлттық сақтау орны қолжетімді.
  • Мобильді және сымды телефондарға қоңырау шалу үшін пайдаланылатын 60 Skype минуты мүмкіндігі. Елдер/аймақтар тізімін қараңыз.

  1. Microsoft тіркелгісін жасаңыз немесе бұрыннан бар Microsoft тіркелгісімен кіріңіз. Microsoft тіркелгісі деген не?
  2. Болашақта ай сайын төлемдер жасай алу үшін, төлем туралы ақпаратты көрсетіңіз. Халықаралық кредиттік карталар және PayPal (кейбір нарықтарда) қабылданады.
  3. Сіз көрсеткен төлем әдісі бойынша қызметті үздіксіз пайдалануыңыз үшін тегін қызмет көрсетілетін бірінші айдың соңында автоматты түрде төлем алынады. www.office.com/myaccount веб-сайтына өту және төлем және шот ұсыну аумағында автоматты түрде жаңартуды өшіру арқылы сынақ аяқталмай тұрып айыппұлсыз онлайн режимінде бас тартуға болады.
  4. Төлем әдісі расталғаннан кейін сіз Office жиынтығын орнату үшін www.office.com/myaccount веб-сайтына бағытталасыз.

Сынаққа Office веб-сайты арқылы тіркелген болсаңыз, Microsoft Account веб-сайтына кіріп, автоматты түрде жаңарту опциясын өшіріңіз. Осылайша ай аяқталғанда сынақ мерзімі автоматты түрде бітеді және кредиттік картаңыздан ақы алынбайды.

Егер сынаққа жаңа ДК құрылғыңыздағы белгішені басу арқылы тіркелген болсаңыз, сынағыңыз бір айдан кейін автоматты түрде аяқталады; одан бас тарту қажет емес. Сынақ аяқталғанда, сізден қай Office нұсқасын сатып алғыңыз келетінін таңдау сұралады.

Бұл сынақ нұсқасына қалай тіркелгеніңізге байланысты:

  • Егер Office веб-сайты арқылы тіркелсеңіз және Microsoft Account веб-сайтында автоматты жаңарту опциясы қосулы болса, қызметіңіз үзілмей жалғасады және төлем әдісіңіз арқылы сынақ соңында автоматты түрде ақы алынады, содан кейін ай сайын ақы алынып тұрады. Office жиынтығын қайта орнатудың қажеті жоқ.
  • Егер жаңа ДК құрылғыңыздағы белгішені басу арқылы тіркелген болсаңыз, сынақ бір айдан кейін автоматты түрде аяқталады; одан бас тарту қажет емес. Сынақ мерзімі аяқталғанда, сізден қай Office нұсқасын сатып алғыңыз келетіні сұралады.

Бірден емес. Мысалы, Жеке қолдануға арналған Office 365 жиынтығының сынақ нұсқасы болса, Үйге арналған Office 365 жиынтығының сынақ нұсқасына жазыла алмайсыз. Дегенмен, сынақ нұсқасы немесе ақылы жазылым мерзімі аяқталғаннан кейінгі бір жылдан соң жаңа сынақ нұсқасына жазыла аласыз.

Өнім кілттері, өтеу және белсендіру

Барлығын көрсету

Тіркелгіні бірінші рет реттеп, Office жиынтығын орнату үшін, https://setup.office.com веб-сайтына кіріңіз. Тіркелгіні реттеу туралы қосымша мәлімет. Егер тіркелгіні бұрыннан жасаған болсаңыз, www.office.com/myaccount веб-сайтына кіріңіз. Office жиынтығын орнату туралы қосымша мәлімет.

Өнім кілті – Office өнімін белсендіру үшін пайдаланылатын 25 таңбалы бірегей әріптік-сандық код. Office жиынтығының жаңа көшірмесін белсендіру үшін, өнім кілтін ескі Office өніміне (немесе басқа өнімге) қолдана алмайсыз.

Өнім кілтіңізді табу үшін, Office өнім бумасының ішіндегі картаның артынан 25 таңбалы әріптік-сандық кодты іздеңіз. Кейде өнім кілті сатушы түбіртегінде басып шығарылуы мүмкін. Егер Office жиынтығын ДК өндірушісінен сатып алсаңыз, өнім кілті ДК бумасында орналасады. Үлгілік өнім кілтінің пішімі: XXXXX-XXXXX-XXXXX-XXXXX-XXXXX

Өнім кілтінің орнын табу туралы ақпарат алу.

Өнім кілтін Microsoft тіркелгісіне байланыстырған соң, Office жиынтығын орнату және басқару үшін www.office.com/myaccount веб-бетіне кіруге болады. Сатып алғаныңыздың дәлелі ретінде немесе агенттерімізге өніміңізді қадағалауға көмектесу үшін өнім кілтін қауіпсіз жерде сақтаған дұрыс.

Ең дұрысы - бұрыннан бар Microsoft тіркелгісін пайдалану. Егер басқа Microsoft өнімдерін немесе қызметтерін (мысалы, Xbox, OneDrive, Outlook.com, MSN немесе Bing) пайдалансаңыз, сізде бұрыннан Microsoft тіркелгісі болуы мүмкін және жаңасын жасау қажет емес. Ал егер пайдаланушы аты мен құпиясөзді ұмытып қалсаңыз, кіру бетіне оралу және Тіркелгіңізге кіре алмай жатырсыз ба? тармағын басу арқылы мәліметтеріңізді қалпына келтіріңіз.

Microsoft тіркелгісімен бір ғана жазылым байланыстырылған болуы керек. Егер бірнеше Office 365 жазылымын сатып алу немесе белсендіру үшін бірдей Microsoft тіркелгісін пайдалансаңыз, жазылым үшін уақыт мөлшерін ең көбі 5 жылға дейін ұзартасыз. Бұлай істеу Office жиынтығын орнатуға болатын құрылғылар санын арттырмайтынын немесе жазылымда қолжетімді онлайн сақтау орны мөлшерін арттырмайтынын ескеріңіз.Үйге арналған Office 365 жазылымының қосымша жоспарын қосу туралы қосымша мәлімет.

Office қызметіне арналған тіл қолдауы

Барлығын көрсету

Office 365 жоспарлары көптеген елдерде/аймақтарда қолжетімді. Office 365 жоспарлары қолжетімді емес елдерде/аймақтарда Office 2016 жиынтығын сатып алуға болады. Office 365 қызметін сатып алғанда, өзіңізге шот жіберілетін және бағдарламалық жасақтаманы пайдаланатын елді/аймақты таңдауыңыз қажет. Басқа ел/аймақты таңдаған жағдайда, жазылымды реттеу және жаңарту кезінде ақаулар орын алуы мүмкін.

Office жүйесі төменде тізімде берілген тілдерде қолжетімді. Кейбір тілдер кейбір елдерде/аймақтарда қолжетімді емес.

  • Windows жүйесі орнатылған ДК құрылғылары үшін: ағылшын, араб, болгар, венгр, вьетнам, голланд, грек, дат, жапон, иврит, индонезия, испан, итальян, корей, қазақ, қытай (жеңілдетілген жазу), қытай (дәстүрлі жазу), латыш, литва, малай (Малайзия), неміс, норвег (букмол), орыс, поляк, португал (Бразилия), португал (Португалия), румын, серб (латын), словак, словен, тай, түрік, украин, фин, француз, хинди, хорват, чех, швед және эстон.
  • Mac құрылғысы үшін: ағылшын (Америка Құрама Штаттары), араб, венгр, голланд, грек, дат, жапон, иврит, индонезия, испан, итальян, корей, қытай (жеңілдетілген жазу), қытай (дәстүрлі жазу), неміс, норвег (букмол), орыс, поляк, португал (Бразилия), португал (Португалия), словак, түрік, фин, француз және швед.
  • iOS құрылғысы үшін: ағылшын (Америка Құрама Штаттары), ағылшын (Біріккен Корольдік), араб, венгр, вьетнам, голланд, грек, дат, жапон, иврит, индонезия, испан, итальян, каталан, корей, қытай (жеңілдетілген жазу), қытай (дәстүрлі жазу), малай, неміс, норвег (букмол), орыс, поляк, португал (Бразилия), португал (Португалия), румын, словак, тай, түрік, фин, француз, хинди, хорват, чех және швед.
  • Android жүйесі үшін: ағылшын, араб, болгар, венгр, вьетнам, голланд, грек, жапон, дат, иврит, индонезиялық, испан, итальян, каталан, каннада, корей, қытай (жеңілдетілген), қытай (дәстүрлі), латыш, литва, малаялам, неміс, норвег (букмол), орыс, парсы, поляк, португал (Бразилия), португал (Португалия), румын, серб (латын), словак, словен, тай, тамил, телугу, түрік, украин, фин, француз, хинди, хорват, чех және швед.

Microsoft корпорациясы көп тілді адамдар, жанұялар және шағын бизнестер үшін жеңіл әрі бағасы жағынан тиімді шешімдер ұсынады.

  • Office 365: Office жиынтығын қосымша ДК немесе Mac құрылғысына орнатқан сайын www.office.com/myaccount веб-бетінде Office жиынтығы орнатылатын тілді таңдауға болады.
  • Office 2016 жиынтықтары: Microsoft Office жиынтығын орнатқаннан кейін, қосымша көрсету, анықтама немесе емлені тексеру құралдарын қосу үшін тілдік бағдарлама жиынтықтарын орнатуға болады. Office 2016 жиынтығына арналған Language Accessory Pack туралы қосымша мәлімет.
  • Office 2013 жиынтықтары: Microsoft Office жиынтығын орнатқаннан кейін, қосымша дисплей, анықтама немесе емлені тексеру құралдарын қосу үшін, тіл бумаларын орнатуыңызға болады. Қосымша мәлімет.

OneDrive туралы

Барлығын көрсету

OneDrive — құжаттарды, ескертпелерді, фотосуреттерді, музыканы, бейнелерді немесе басқа файл түрлерін сақтау үшін пайдалануға болатын онлайн сақтау орны қызметі. OneDrive көмегімен файлдарға кез келген құрылғыдан кіруге және оларды басқалармен ортақ пайдалануға болады. OneDrive қызметіне тіркеліңіз.

Сізге берілетін қосымша сақтау орнының көлемі жазылымыңызға байланысты болады:

  • Жеке қолдануға арналған Office 365 немесе Office 365 University (қазақша нұсқасы) белсенді жазылымы бар тұтынушылар әр жазылым үшін 1 ТБ OneDrive сақтау орнын алады.
  • Үйге арналған Office 365 белсенді жазылымы бар тұтынушылар әр пайдаланушы үшін ең көбі 5 пайдаланушыға арналған қосымша 1 ТБ OneDrive сақтау орнын алады. Әр қосымша пайдаланушыда жеке Microsoft тіркелгісі болуы керек және оны Microsoft тіркелгісі сайты веб-бетіне қосу керек.

Қосымша сақтау орны Office 365 жазылымын жасау үшін пайдаланылған Microsoft тіркелгісімен байланысқан OneDrive тіркелгісіне қолданылады. Үйге арналған Office 365 үшін сақтау орны жазылымға қосылған отбасы мүшелерінің Microsoft тіркелгілеріне байланыстырылады.

OneDrive қызметіне сақталған құжаттарға қатынасу үшін, Office бағдарламасына Office 365 қызметін реттеу үшін пайдаланған Microsoft тіркелгісімен кіріңіз. Егер сіз отбасыңыздың басқа мүшелерімен Үйге арналған Office 365 жазылымыңызды ортақ пайдалансаңыз, олар да өздерінің Microsoft тіркелгісімен кіруі қажет. Office бағдарламасына кіру туралы қосымша мәлімет. Сондай-ақ, OneDrive қызметіне тікелей OneDrive.com сайтынан кіре аласыз.

Иә. Егер сіз Windows 8.1 немесе Windows 10 жүйесін пайдаланатын болсаңыз, OneDrive қызметі алдын ала орнатылған болады. Интернет қосылымы жоқ кезде құжаттарыңызға қатынасу үшін, ДК құрылғысындағы жетектеушіні ашып, OneDrive қалтасына өтіңіз. Қайта қосылған кезде, OneDrive қызметі онлайн нұсқаларын офлайн режимде енгізілген өзгертулермен бірге жаңартады.

Қосымша мәліметтер алу үшін, Windows 8.1 жүйесіне арналған OneDrive және Windows 10 жүйесіне арналған OneDrive қолдау көрсету беттеріне кіріңіз.

Сондай-ақ OneDrive бағдарламасын Windows 7, Windows Vista немесе Mac веб-беттерінен жүктеп алуға және орнатуға болады. OneDrive бағдарламасы OneDrive бағдарламасы мен компьютеріңіз арасында автоматты түрде синхрондалатын қалтаны жасап, құжаттар бойынша тіпті офлайн режимде жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Жазылымнан бас тартсаңыз немесе оның мерзімі бітсе, Office 365 қызметін реттеу үшін пайдаланған Microsoft тіркелгісі арқылы тікелей OneDrive сақтау орнына кіру арқылы барлық файлдарға қатынасып, оларды жүктеп алуыңызға болады. Сіз жазылымыңызбен бірге берілетін қосымша сақтау орнын жоғалтасыз, сондықтан, OneDrive тіркелгіңіз тегін сақтау орнының квотасынан асырса, файлдарды басқа жерге сақтауыңыз немесе қосымша OneDrive сақтау орнын сатып алуыңыз керек.

Олар қосымша OneDrive сақтау орнын жоғалтады, бірақ олар әлі де барлық файлдарға қатынаса және оларды жүктей алады. Егер олардың OneDrive тіркелгісі тегін сақтау орнының квотасынан асырса, олар файлдарын басқа жерге сақтауы немесе қосымша OneDrive сақтау орнын сатып алуы керек.

Skype минуттары туралы

Барлығын көрсету

Skype минуттарымен Skype тіркелгісі болса да болмаса да достарыңыздың немесе отбасыңыздың ұялы немесе сымды телефонына қоңырау шала аласыз.

Елде/аймақта қолжетімді болған жағдайда ғана Skype минуттарын ұялы телефон, планшет, ТД немесе басқа құрылғы болсын, Skype бағдарламасы орнатылған кез келген құрылғыдан пайдалануға болады. Әрбір белсенді Office 365 жазылымында әр пайдаланушы үшін ай сайын 60 Skype минут алу құқығы бар; бұл рұқсат ай сайын қалпына келтіріліп отырады.

Келесі елдерге/аймақтарға қоңырау шалуға болады:
  • Жердегі желілер мен ұялы телефондарға: АӘА, Америка Құрама Штаттары, Гонконг, Гуам, Жапония, Канада, Қытай, Пуэрто Рико, Сингапур және Таиланд.
  • Тек жердегі желілерге: Австралия, Австрия, Андорра, Аргентина, Бельгия, Болгария, Бразилия, Бруней, Венгрия, Венесуэла, Гваделупа, Германия, Грекия, Дания, Жаңа Зеландия, Израиль, Индонезия (Джакарта), Ирландия, Исландия, Испания, Италия, Колумбия (Лексингтонды қоспағанда), Корея, Коста-Рика, Латвия, Литва, Люксембург, Малайзия, Мальта, Марокко, Мексика, Нидерланд, Норвегия, Оңтүстік Африка, Панама, Парагвай, Перу, Польша, Португалия, Ресей, Румыния, Словакия, Словения, Тайвань, Түркия, Ұлыбритания, Финляндия, Франция, Хорватия, Чех Республикасы, Чили, Швейцария, Швеция және Эстония.
Алжир, Бахрейн, Біріккен Араб Әмірліктері, Египет, Катар, Корея, Кувейт, Ливан, Ливия, Марокко, Намибия, Пәкістан, Тайвань, Тунис және Үндістанда Skype минуттары Office 365 қызметімен бірге берілмейді.
Арнайы, айрықша және географиялық емес нөмірлер Skype минуттары мүмкіндігінде қамтылмайды. Оған қоса, жедел қоңыраулар жасау мүмкін емес.

Skype қызметі Skype минуттарына қосымша әртүрлі уақыт бойынша төлем мен жазылым параметрлерін ұсынады. Қосымша мәліметтер алу үшін www.skype.com сайтына кіріңіз.

Skype минуттары мүмкіндігін жаңа немесе бұрыннан бар Skype тіркелгісіне қолдану параметрін таңдай аласыз. Skype минуттары мүмкіндігін белсендіру үшін, www.office.com/myaccount бетіне өтіңіз де, жаңа Skype тіркелгісін жасау немесе бұрыннан бар тіркелгіні пайдалану үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Минуттар белсендірілгенде www.office.com/myaccount веб-бетінде растауды көресіз.

Тіркелгіңізді белсендіргеннен кейін сіз Skype минуттары мүмкіндігіңіз байланыстырылған Skype тіркелгісін жылына бір рет өзгерте аласыз. Мұны орындау үшін, алдымен Skype минуттарын бұрынғы тіркелгіден өшіру керек, содан кейін жаңа немесе басқа Skype тіркелгісін белсендіру керек. Мұны орындау үшін www.office.com/deactivateskype веб-бетіне кіріп, тіркелгіні өшіру үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Бұл аяқталғаннан кейін жаңа немесе басқа Skype тіркелгісін белсендіру үшін, www.office.com/myaccount веб-бетіне кіріңіз.

Office 365 University (қазақша нұсқасы)

Барлығын көрсету

Office 365 University (қазақша нұсқасы) – аккредиттелген оқу орындарындағы күндізгі және сырттай оқитын университет пен колледж студенттеріне, мұғалімдеріне және қызметкерлеріне арналған төрт жылдық жазылым. Бұл ұсыныс оқу орындарының бітірушілеріне қатысты емес.

Қатысатын сатушыдан Office 365 University (қазақша нұсқасы) жиынтығын сатып алғаннан кейін, Office жиынтығын белсендіру мақсатында құқылы не құқылы емес екенін тексеру үшін онлайн режимге өту қажет. Office тұтынушы жазылымдарына — Microsoft Online қызметтер келісімі қосымшасына арналған Microsoft бағдарламалық құралының лицензиялық шарттарын орындауыңыз тиіс және өнімді белсендірмес бұрын келісімді қабылдауыңыз керек. Интернет қосылымы қажет, себебі академиялық тексеріс пен төлеу процестері онлайн орындалады.

Университетте, мектепте немесе колледжде Office жиынтығын тегін пайдалану құқығына ие бола аласыз. Office 365 University (қазақша нұсқасы) жиынтығын сатып алмас бұрын құқыққа ие екеніңізді www.office.com/getoffice365 веб-бетінен тексеріңіз.

Office 365 University (қазақша нұсқасы) жиынтығы келесі елдерде/аймақтарда қолжетімді: Австралия, Австрия, Америка Құрама Штаттары, Бельгия, Біріккен Араб Әмірліктері, Біріккен Корольдік, Бразилия, Болгария, Венгрия, Вьетнам, Германия, Грекия, Гонконг АӘА, Дания, Жаңа Зеландия, Израиль, Индонезия, Ирландия, Исландия, Испания, Италия, Канада, Кипр, Корея, Кувейт, Латвия, Литва, Люксембург, Малайзия, Мальта, Мексика, Нидерланд, Норвегия, Үндістан, Оман, Оңтүстік Африка, Польша, Португалия, Ресей, Румыния, Сингапур, Словакия, Словения, Тайвань, Тайланд, Түркия, Финляндия, Франция, Филиппин, Чех Республикасы, Швеция, Швейцария және Эстония.

Office 365 University (қазақша нұсқасы) жиынтығы тізімде берілген елдер/аймақтардың әрқайсысында қолжетімді болады, себебі жаңа Office сол елде/аймақта шығарылады.

Office жиынтығын жүктеп алу және орнату

Барлығын көрсету

Office 365 қызметін немесе бір рет сатып алынатын Office жиынтығын орнату үшін, Office жиынтығын орнатқыңыз келетін ДК немесе Mac құрылғысынан www.office.com/myaccount веб-сайтына кіріңіз. Жазылымды немесе бір рет сатып алынатын өнімді сатып алған кезде пайдаланған немесе бұрыннан байланыстырылған Microsoft тіркелгіңізбен кіріңіз, содан кейін Office жиынтығын орнату үшін, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Office жиынтығын орнату әдісі туралы қосымша мәлімет.

Егер тіркелгіні бірінші рет реттеу және Office жиынтығын бірінші рет орнату қажет болса, https://setup.office.com веб-сайтына кіріңіз. Office өнім кілтін енгізу туралы қосымша ақпарат алу.

Office бағдарламасының ескі нұсқаларын жүктеп, орнату үшін www.office.com/downloadoffice веб-сайтына кіріңіз.

Әр ДК құрылғыңызға қай Office өнім кілті сәйкес келетінін анықтауыңыз қажет. Қосымша мәлімет.

Жеке қолдануға арналған Office 365 жазылушылары Office жиынтығын әр пайдаланушы үшін 1 ДК немесе Mac құрылғысына, 1 планшетке және 1 смартфонға орната алады. Үйге арналған Office 365 жазылушылары Office жиынтығын ең көбі бес отбасы мүшесіне 5 ДК немесе Mac құрылғысына, 5 планшетке және 5 смартфонға орната алады. Microsoft Surface Pro, сондай-ақ, ДК немесе планшет сияқты гибридтік Windows құрылғыларын да қосуға болады.

Иә. Office 365 жазылымдарын Mac және Windows жүйелері үшін сатып алуға болады. Сондай-ақ, Үйге және бизнеске арналған Office 2016 немесе Үйге және оқуға арналған Office 2016 жазылымдары Mac жүйесі үшін бір реттік сатып алу ретінде қолжетімді. Mac жүйесі үшін қолжетімді Office бағдарламаларына Word, Excel, PowerPoint, Outlook және OneNote жатады. Publisher және Access бағдарламасы Mac жүйесі үшін қолжетімді емес. Office 365 және Office 2016 жиынтығына арналған ағымдағы Office бағдарламалары Windows және Mac жүйесінің екеуі үшін де қолжетімді.

Бір ДК құрылғысына Office 2016 және Office 2013 жиынтығын бірге орната алмайсыз. Бірақ Office 2016 және Office 2010 немесе Office 2007 сияқты Office жиынтықтарын бірге орнатуға болады. Бір ДК құрылғысына Office жиынтығының әртүрлі нұсқаларын орнату туралы қосымша мәлімет.

Office жиынтығын жүктеп алудың нақты жылдамдығы сіздің интернет қосылымыңыздың жылдамдығына байланысты; жылдам жүктеу үшін жылдамдығы жоғары интернет қосылымы ұсынылады.

Windows жүйесі орнатылған ДК құрылғыларына арналған жаңа Office бағдарламасының барлық нұсқалары орнату аяқталмас бұрын Office бағдарламаларын пайдалануды бастауға мүмкіндік беретін ағынмен тасымалдау технологиясын пайдаланады.

Егер Office жиынтығын орнату тым көп уақыт алса, мүмкін шешімдер туралы қосымша мәлімет алыңыз.

Office бағдарламаларының белгішелері Office бумасын орнатқанда жасалады. Бағдарламаларды келесі орындарда орнатылған белгішелерді басу арқылы іске қосуға болады:

  • Windows
    • Windows 7: Бастау мәзірі
    • Windows 8: Бастау экраны және Бағдарламалар көрінісі (ДК құрылғысында орнатылған барлық бағдарламаларды қамтитын Бастау экранындағы көрініс)*
    • Windows 8.1: Бағдарламалар көрінісі*
      *Егер белгішелерді Windows 8 немесе Windows 8.1 жүйесінде таба алмасаңыз, «Бастау» экранына өтіңіз және іске қосқыңыз келетін бағдарлама атауын теріңіз (мысалы, Word).
    • Windows 10: Бастау мәзірі. Сонымен бірге, іске қосқыңыз келетін бағдарлама атын (мысалы, Word) Cortana қызметінде теруіңізге болады.

      Сондай-ақ, ыңғайлы қатынасу үшін, бағдарлама белгішесін «Бастау» экранына немесе жұмыс үстелінің тапсырмалар тақтасына бекітуге болады. Қосымша мәлімет.
  • Mac OS X
    • 10.6 (Snow Leopard): жылдам іске қосу панелі
    • 10.7 (Lion): жылдам іске қосу панелі және іске қосу тақтасы
    • 10.8 (Mountain Lion): жылдам іске қосу панелі және іске қосу тақтасы
    • 10.9 (Mavericks): жылдам іске қосу панелі және іске қосу тақтасы
    • 10.10 (Yosemite): Іздеу жүйесіндегі Іске қосу тақтасы мен Бағдарламалар қалтасында табуға болатын бағдарламалар белгішелерін басу арқылы бағдарламаларды іске қосуға болады.

Office бағдарламасының 32 биттік нұсқасы әдепкі бойынша орнатылады.

Компьютерде Windows жүйесінің 64 биттік нұсқасы орнатылған болса да, Office жиынтығының 32 биттік нұсқасын орнату ұсынылады, өйткені ол Office жиынтығымен бірге жұмыс істейтін бағдарламалармен және қондырмалармен үйлесімдірек. Егер Office жиынтығының 64 биттік нұсқасын орнатқыңыз келмесе, мұны www.office.com/myaccount бетіне кіру және 64 биттік нұсқаны орнату туралы экрандық нұсқауларды орындау арқылы істеуге болады. Бір компьютерге Office жиынтығының 64 биттік және 32 биттік нұсқасын бірден орнату мүмкін емес.

Office жиынтығын ДК, Mac құрылғыларының немесе планшеттердің максималды санына орнатсаңыз және Office жиынтығын басқа құрылғыда пайдаланғыңыз келсе, www.office.com/myaccount веб-бетіне кіріп құрылғыны өшіруге болады, содан кейін Office жиынтығын жаңа құрылғыда орната аласыз. Сіз өшірген құрылғыдағы Office көшірмесі тек оқу режиміне қайтарылады, яғни, құжаттарды көруге болады, бірақ өңдеу мүмкін болмайды. Жергілікті бастапқы құрылғыда сақталған құжаттар жоғалмайды.

Office жиынтығын жою үшін, алдымен www.office.com/myaccount веб-бетіне кіріп, Office жиынтығын жою туралы экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Office жиынтығын жою ДК құрылғысындағы Office бағдарламаларын тек оқу режимінде қалдырады, бұл құжаттарды көруге болатынын, бірақ өңдеу немесе сақтау мүмкін болмайтынын және жаңа құжаттарды жасау мүмкін болмайтынын білдіреді. Office жиынтығын толығымен жою үшін ДК құрылғысының «Басқару тақтасы» тармағына өтіңіз және Office жиынтығын жойыңыз. Mac, iPad және Android планшеттерінде бағдарламаны жою үшін сол құрылғыдағы нұсқауларды орындаңыз.

Office өнімінің сақтық көшірмесін алудың бірнеше жолы бар:

  • Office 365 тұтынушылары www.office.com/myaccount веб-бетінен жүктеп алып, қайта орната алады.
  • Office өнімдерінің соңғы шығарылымын DVD сақтық көшірмесіне ақылы түрде тапсырыс жасауыңызға болады. Мәліметтер алу үшін www.office.com/backup бетіне кіріңіз.

Сақтық көшірмелерді келесі елдерге/аймақтарға жеткізу мүмкін емес: Бутан, Бразилия, Қытай, Кокос (Килинг) аралдары, Кук аралдары, Францияның Оңтүстік және Антарктида жерлері, Херд аралы және Макдональд аралдары, Ирак, Ян-Майен, Кирибати, Ливия, Микронезия, Мьянма, Науру, Непал, Ниуэ, Палау, Питкэрн аралдары, Саба, Самоа, Синт-Эстатиус, Шығыс Тимор, Токелау, Уоллис және Футуна.

Таңдаулы планшеттеріңіз бен телефондарыңызға негізгі Office жиынтығын тегін алыңыз. Бағдарламаларды тауып, жүктеп алу үшін, келесі беттерге өтіңіз: iPad құрылғысына арналған Office, iPhone құрылғысына арналған Office, Android планшетіне арналған Office және Android телефонына арналған Office. Word, Excel және PowerPoint бағдарламалары үшін жарамды Office 365 жазылымы арқылы жоғары сапалы мүмкіндіктерге қол жеткізіңіз. Office 365 жиынтығымен қолжетімді мобильді құрылғыларға арналған жоғары сапалы мүмкіндіктер туралы ақпарат алу үшін, www.office.com/information веб-бетіне кіріңіз.

Белсенді жазылымы бар Office 365 тұтынушылары қолжетімді болған кезде Office бағдарламаларының әрқашан ең жаңа нұсқаларын алады. Office жиынтығының жаңа нұсқасы шығарылған кезде, сізге бағдарламалық жасақтаманы ең соңғы нұсқаға жаңарту мүмкіндігі бар екенін хабарлаймыз.

Mac жүйесіне арналған Office 2016 бағдарламасының ең соңғы нұсқасы енді Office 365 жазылушыларына жазылым бөлігі ретінде қолжетімді. Mac жүйесіне арналған Office 2016 бағдарламасын орнату үшін, http://office.com/myaccount веб-бетіне өтіп, сондағы нұсқауларды орындаңыз.

Office 365 жазылымын басқару

Барлығын көрсету

Шот ұсыну ақпаратын басқару, Office жиынтығын қосымша ДК немесе Mac құрылғыларына орнату немесе жою және Office орнатымдарын басқа құрылғыларда кез келген уақытта басқару үшін, www.office.com/myaccount веб-бетіне кіріңіз.

Автоматты түрде жаңартылатын жазылымды сатып алсаңыз, жазылымыңыз сатып алу аяқталғаннан кейін басталады. Автоматты түрде жаңартылатын жазылымдарды Office365.com, MicrosoftStore.com, iTunes® дүкенінен және кейбір басқа бөлшек сатушылардан сатып алуға болады. Алдын ала төленген жазылымды сатып алған болсаңыз, жазылымыңыз іске қосылған кезде және «Менің тіркелгім» бетіне өткенде басталады. Алдын ала төленген жазылымдарды бөлшек сатушыдан немесе делдалдан, я болмаса, Microsoft қолдау көрсету агентінен сатып алуға болады.

Егер сізде Үйге арналған Office 365 белсенді жазылымы бар болса, сіз оны ең көбі төрт отбасы мүшесімен ортақ пайдалана аласыз. Жазылымыңызды ортақ пайдаланатын отбасыңыздың әр мүшесі қолжетімді орнатымдардың кез келгенін өздерінің ДК, Mac, iPad құрылғыларында, Android планшеттерінде, Windows планшеттерінде, iPhone® немесе Android телефондарында пайдалана алады, оған қоса 1 ТБ OneDrive сақтау орнын алады және өз орнатымдарын www.office.com/myaccount веб-бетінде басқара алады.

Жазылымыңызға жаңа пайдаланушыны қосу үшін, www.office.com/myaccount веб-бетіне кіріңіз де, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Сіз қосқан әр адам орындау керек қадамдары бар электрондық пошта хабарын алады. Олар қадамдарды қабылдап, орындағаннан кейін, олардың ақпараты, соның ішінде пайдаланып жатқан орнатымдары «Менің тіркелгім» бетінде көрсетіледі. www.office.com/myaccount веб-бетін пайдаланып, жазылымыңызды басқа пайдаланушымен ортақ пайдалануды тоқтата аласыз немесе ол адам пайдаланып жатқан құрылғыны жоя аласыз.

Microsoft тіркелгісінде бір ғана белсенді жазылым бола алады. Жеке қолдануға арналған Office 365 немесе Office 365 University (қазақша нұсқасы) жазылымын Үйге арналған Office 365 жазылымының мерзімі бітпей тұрып іске қоссаңыз, Үйге арналған Office 365 жазылымында қалған уақыт Жеке қолдануға арналған Office 365 немесе Office 365 University (қазақша нұсқасы) жазылымына (қайсысын таңдаған болсаңыз) ауысады. Дегенмен сізге Office жиынтығын жаңа жазылым жоспарыңыз рұқсат еткенінше көп құрылғыларға — Жеке қолдануға арналған Office 365 жиынтығы үшін 1 ДК немесе Mac құрылғысы, оған қоса 1 планшет және 1 телефон, әрі Office 365 University (қазақша нұсқасы) жиынтығы үшін 2 ДК, Mac құрылғысына немесе планшетке және 2 телефонға орнатуға рұқсат беріледі. Үйге арналған Office 365 жиынтығының Office бағдарламасының 5 ДК және/немесе Mac құрылғысына, 5 планшетке және 5 телефонға орнату артықшылықтарын бірден жоғалтасыз. Орнатулар жоғалмауы үшін Жеке қолдануға арналған Office 365 немесе Office 365 University (қазақша нұсқасы) жазылымын белсендірмес бұрын Үйге арналған Office 365 жазылымының мерзімі өткенше күтуіңізге болады.

Microsoft тіркелгісінде бір ғана белсенді жазылым бола алады. Жеке қолдануға арналған Office 365 жазылымын Office 365 University (қазақша нұсқасы) жазылымының мерзімі бітпей тұрып белсендірсеңіз, Office 365 University (қазақша нұсқасы) жазылымында қалған уақыт Жеке қолдануға арналған Office 365 жазылымына түрлендіріледі. Дегенмен, сізге Office жиынтығын жаңа жазылым жоспарыңыз рұқсат еткенінше көп құрылғыларға — Жеке қолдануға арналған Office 365 жиынтығы үшін 1 ДК немесе Mac, оған қоса 1 планшетке және 1 телефонға орнатуға рұқсат беріледі. Орнатулар жоғалмауы үшін Жеке қолдануға арналған Office 365 жазылымын белсендірмес бұрын Office 365 University (қазақша нұсқасы) жазылымы мерзімінің аяқталуын күтуіңізге болады.

Microsoft тіркелгісінде бір ғана белсенді жазылым бола алады. Үйге арналған Office 365 жазылымын Жеке қолдануға арналған Office 365 немесе Office 365 University (қазақша нұсқасы) жазылымына түрлендіруге болады, не болмаса Жеке қолдануға арналған Office 365 немесе Office 365 University (қазақша нұсқасы) жазылымын іске қосу алдында ағымдағы жазылымның мерзімі аяқталғанша күтуге болады.

Мерзімнің аяқталу күні жеткенде, Office бағдарламаларында және электрондық пошта арқылы мерзімнің бітуі туралы хабарландырулар аласыз. Жазылым мерзімінің бітуіне мүмкіндік беруді таңдасаңыз, Office бағдарламалары тек оқуға арналған режиміне өтеді, яғни құжаттарды көруге немесе басып шығаруға болады, бірақ жаңа құжаттар жасау немесе бар құжаттарды өңдеу мүмкін болмайды.

Толық Office функцияларына оралу үшін жаңа Office нұсқасын www.office365.com сайтына кіру немесе кез келген қатысатын сатушыдан сатып ала аласыз. Сондай-ақ, ескірек Office нұсқасын пайдаланып толық функционалдылыққа оралуға болады немесе тегін негізгі өңдеу үшін Office Online бумасын пайдалануға болады.

Жаңарту, бас тарту және есепшот ұсыну

Барлығын көрсету

Бір жылдық жазылымды жаңарту уақыты келгенде, ақы алынбай тұрып сізге хабарландыру келеді. Егер ай сайынғы жазылымға тіркелген болсаңыз, төлеміңіз ай сайын автоматты түрде дебеттеледі және сізге алдын ала хабарланбайды. Microsoft Account веб-сайтына кіру және жүйеге Office жиынтығын сатып алу үшін пайдаланылған Microsoft тіркелгісімен кіру арқылы кез келген уақытта төлем әдісін өзгертуге немесе жазылымнан бас тартуға болады.

Жаңартудың бірнеше опциясы бар. Қандай опцияны таңдағаныңызға қарамастан, жазылымды реттеу кезінде пайдаланылған Microsoft тіркелгісімен жаңартыңыз.

  • Егер жазылымыңызда автоматты жаңарту опциясы қосулы болса, ол автоматты түрде жаңартылады. Жүйеге Office жиынтығын сатып алу үшін пайдаланылған Microsoft тіркелгісімен кіргеннен кейін, автоматты жаңарту параметрі Microsoft тіркелгісінің веб-сайтында көрсетіледі.
  • Егер автоматты түрде жаңарту мүмкіндігі қосылмаған болса, Office 365 автоматты түрде жаңарту жазылымын сатып алу үшін, www.office.com/renew веб-сайтына кіріңіз. Қосымша уақыт қолданыстағы жазылымда қалған уақытқа автоматты түрде қосылады.
  • Office 365 сатып алынған сатушы арқылы жаңарту үшін, сол сатушыға оралып, тағы бір алдын ала төленген бір жылдық жазылымды сатып алыңыз. Бумада берілген орнату туралы нұсқауларды орындаңыз (олар жаңа жазылымды орнату нұсқауларымен бірдей). Қосымша бір жыл қолданыстағы жазылымда қалған уақытқа автоматты түрде қосылады.

Иә. Өзіңізде бұрыннан бар Office 365 жоспарына ерте жаңартсаңыз, қосымша уақыт қолданыстағы жазылымыңызға қосылады. Мысалы, Үйге арналған Office 365 жоспарына ағымдағы жазылымыңызда екі ай қалған болса және бір жылға (12 ай) жаңартсаңыз, жазылымыңызды 14 ай қолданасыз.

  • Microsoft корпорациясынан MicrosoftStore.com немесе Office365.com арқылы автоматты түрде жаңартылатын жазылымды сатып алған болсаңыз, бас тартудың екі опциясы бар:
    • Microsoft тіркелгісі сайтына кіріп, жүйеге Office жиынтығын сатып алған кезде пайдаланылған Microsoft тіркелгіңізбен кіріп, автоматты жаңарту опциясын өшіру арқылы бас тартуыңызға болады. Бұлай жасасаңыз, қалған жазылым уақыты аяқталғанда, жазылым мерзімі автоматты түрде аяқталады.
    • Тез арада бас тарту үшін, Microsoft қолдау көрсету орталығына хабарласып, тез арада тоқтатуын сұраңыз.
  • Егер автоматты түрде жаңартылатын жазылымды Apple компаниясынан iTunes дүкені арқылы сатып алсаңыз, жазылымнан Apple арқылы бас тартуыңыз қажет. Қосымша мәлімет.
  • Егер автоматты түрде жаңартылатын жазылымды басқа сатушыдан сатып алған болсаңыз, жазылымнан сол сатушы арқылы бас тарта аласыз. Оны Microsoft тіркелгісі сайтына кіріп растауыңызға болады.

Автоматты түрде жаңарту – үздіксіз қызметті қамтамасыз етудің ең оңай жолы. Microsoft тіркелгісі сайтына кіру арқылы ай сайын немесе жыл сайын автоматты түрде жаңартуды орнатуға болады.

Егер сізде ай сайынғы жазылым болса, оны Microsoft тіркелгісі сайты арқылы жылдық жазылымға түрлендіру арқылы ақшаңызды үнемдей аласыз.

Қолдау және ресурстар

Барлығын көрсету

Техникалық мәселелер, оның ішінде төмендегі мәселелер бойынша көмек алу үшін, Microsoft қолдау орталығына кіріңіз:

  • Тапсырыс күйі
  • Шот ұсыну
  • Жүктеу
  • Өнім кілті
  • Орнату/жою
  • Өнімді белсендіру
  • Өнімді пайдалану

Анықтама және әдістемелік мазмұн алу үшін, www.office.com/support веб-бетіне кіріңіз. Бейнеге негізделген тегін оқу курстарын алу үшін, www.office.com/training веб-бетіне кіріңіз.

iTunes, iPhone және iPad — Apple Inc. корпорациясының Америка Құрама Штаттарында және басқа елдерде тіркелген сауда белгілері. Android — Google Inc. корпорациясының сауда белгісі.