Access

Қарауға ыңғайлы деректер

Жеке дерекқор бағдарламаларын бизнесіңізге ұтымды қызмет ететін пішімдерде жасаңыз.

Microsoft Access бағдарламасындағы дерекқорда жеткізушілер тізімі көрсетілген компьютер экранының бұрышы. кескінMicrosoft Access бағдарламасындағы дерекқорда жеткізушілер тізімі көрсетілген компьютер экранының бұрышы.
Microsoft Access бағдарламасындағы жаңа дерекқор экраны

Бағдарламаларды жасау және бөлісу үшін, әзірлеуші болу міндет емес*

Жұмыс үстеліндегі дерекқорлар — мүмкіндіктердің бір бөлігі ғана

Access бағдарламасында енді тек жұмыс үстелі дерекқорларын жасап қана қоймайсыз. Бұл бизнесіңізді жүргізуге көмектесетін бағдарламаларды жасауға арналған, пайдалануға оңай құрал. Access деректерін алуан түрлі бұлттық дерекқорларда сақтауға болады. Сондықтан деректеріңіз бұрынғыдан да жақсы қорғалып тұрады, ал Access бағдарламаларын әріптестеріңізбен пайдалана аласыз.

Дерекқор үлгілері

Реттелетін бағдарламаны жасай отырып жұмысты оңай бастаңыз немесе жаңа және кәсіби деңгейде жасақталған бағдарлама үлгілерінің жиынтығынан шабыт алыңыз. Бағдарламаларыңыздан үлгілер жасап, оларды қайта пайдаланыңыз және басқа пайдаланушылармен бөлісіңіз.

Access дерекқоры көрсетілген планшет

Бизнесіңізбен қатар жетілдіріліп отыратын реттелетін бағдарламалар жасаңыз*

Өз талғамыңызға сай келетін бағдарламаларды оп-оңай жасаңыз

Сіз бен тұтынушыларыңыздың арасында бизнесті жүргізу үшін арнайы бағдарламалар жасап, оларды ұйымыңыздың ұдайы өсіп жатқан қажеттіліктеріне қарай жылдам әрі оңай өзгертіп отырыңыз.

VBA автоматтандыру қызметінің көмегімен ыңғайлы формалар құрастырыңыз

Бағдарламаларға арналған Visual Basic (VBA) қызметінің көмегімен бизнес-процестерді автоматтандырып, формалар мен есептердің дизайны мен пайдалану ыңғайлылығын жақсартыңыз.

Access бағдарламасында «Басқаша сақтау» экраны көрсетілген ноутбук.

Бірнеше дерек көздерімен интеграция*

Access пен басқа бизнес-бағдарламалар арасында деректерді біріктіріңіз

Access бағдарламасындағы коннекторлар кітапханасы бизнесті басқаруға қажет бағдарламалар мен дерек көздеріндегі деректерді біріктірудің бірнеше жолдарын ұсынады. Заманауи дерек көздерінен біріктірілген сценарийлер үйреншікті Access интерфейсінде жиынтық визуалды және аналитикалық мәліметтерді құрады.

Деректерді SQL қызметінде сақтаңыз

Серверлік компоненттерде енді SQL Server және Microsoft Azure SQL дерекқоры пайдаланылады, ал бұл сенімділік, масштабталу, қауіпсіздік және ұзақ мерзімді басқару мүмкіндігін арттырады. Оған қоса, Access бағдарламаларында стандартты SQL синтаксисі мен аса сенімді серверлік бөлік мүмкіндіктерін орналастыру әдісіне (жергілікті немесе бұлттық ортада) қарамастан тиімді пайдалана аласыз.