Компьютерлері жоқ қызметкерлерді байланыстыратын және біріктіретін заманауи құралдар

Компьютерлері жоқ қызметкерлеріңізді бүгінгі және ертеңгі күннің талаптарына сай келетін тиісті құралдармен қамтамасыз етіңіз.

Бағаларды көру

Компьютерлері жоқ қызметкерлерге максималды тиімділікпен жұмыс істеуге көмектесіңіз

Өндіріс, бөлшек сауда, денсаулық сақтау, мемлекеттік қызмет және басқа да секторлардың негізгі жұмыс күшін құрайтын компьютерлері жоқ қызметкерлер тұтынушылармен тіл табысу, компания брендінің өкілі болу және өнімдер мен қызметтердің жұмысын бақылау міндетті жүктелген үлгілі қызметкерлер болып табылады. Office 365 қызметі осы стратегиялық маңызды қызметкерлердің ықпалын барынша күшейтуге қажетті құралдар мен технологияларды ұсынады. Office 365 қызметі қызметкерлердің бір-бірімен байланысуы, жұмыс процесін басқару, дағдыларды жетілдіру үшін машықтану, идеялармен және біліммен бөлісудің оңай жолдарын қамтамасыз етеді.

Бөлшек сауда

Кестелер мен тапсырмалар жасауға және басқаруға азырақ уақыт жұмсап, тұтынушыларға көбірек уақыт бөліңіз.

Компьютерлері жоқ қызметкерлерді кестелерді қарау, ауысымдарды ауыстыру, демалыс сұрау, тапсырмаларды басқару және жұмыс күнін оңайлатуға арналған тиімді әрі қарапайым құралдармен қамтамасыз етіңіз.

Дүкендеріңіз бен қызметкерлеріңізге жарнамалық ұсыныстар, корпоративтік хабарландырулар және нақты уақыттағы сату трендтері мен талдауы сияқты жұмысты тиімді орындау үшін қажетті ақпаратқа жол ашыңыз.

Жаңа қызметкерлерге мақсатты оқыту материалдарын ұсыну және бейімдеу бойынша әрекеттерді бірқалыпты жоспарлау арқылы көмектесіңіз және дайындаңыз.

Тұтынушылардың ақпаратын қорғаңыз, деректерге қатынасу мүмкіндігін бақылаңыз және басқарыңыз, сондай-ақ қызметкерлеріңіздің сандық сәйкестік куәліктерін орталықтан басқарыңыз.

Қонақ үй бизнесі

Қонақтарға қызмет көрсету деңгейін қонақ үй қызметкерлерін жұмыс кестелерімен және қонақтардың әрекеттерінен уақтылы хабардар болуға арналған қарапайым құралдармен қамтамасыз ету арқылы арттырыңыз.

Менеджерлеріңіз қонақтардың күткендерінен асып түсу үшін қажет тапсырмаларды оңай тағайындау, жұмыс тапсырыстарын жіберу және күнделікті қызмет көрсетулерді басқару мүмкіндіктеріне ие болуы үшін операцияларды және мүлікті басқаруды ұтымды етіңіз.

Тіпті қауырт жұмыс кезінде қызметкерлеріңіз жұмысқа қызығушылықты жоғалтпауы және қонақтарға сапалы қызмет көрсетуді басты қағида ретінде ұстануы үшін, оларды мәліметтермен алмасу және өзара байланысу құралдарымен қамтамасыз етіңіз.

Штаттан тыс және жаңа қызметкерлерді жылдам оқыту және даярлау үшін, ұйымыңызда құралдар мен мүмкіндіктерді пайдаланыңыз.

Ұйымыңызды сандық сәйкестік куәліктерімен қамтамасыз етіп, қонақ пен мүлік туралы және корпоративтік ақпаратқа қатынасу мүмкіндігін басқарыңыз.

Өндіріс

Аса күрделі өндірістік жүйелердің және операциялардың өзінде жұмыс кестесін басқаруды және дағдыларды туралауды компьютерлері жоқ қызметкерлердің ауысымдарын және тапсырмаларын құруға және басқаруға арналған құралдар арқылы оңайлатыңыз.

Ауытқушылықтарды азайту үшін, қарапайым формаларды, тізімдер мен нұсқаулықтарды пайдаланып, бар күшті маңызды ұсақ-түйек жұмыстарға жұмылдырыңыз.

Үйлестірілген байланыстар, қабат ескертулері және үздік тәжірибелермен бөлісу арқылы өнімділікті арттырып, ұйымыңызды соңғы деректермен қамтамасыз етіңіз.

Қызметкерлердің шапшаң әрі талаптарға сай болуы үшін, жаңа саясаттар мен жұмыс тәртіптерін нұсқаулығы бар бейнелер мен қауіпсіздік бойынша нұсқаулықтардың көмегімен таныстырыңыз.

Қатынасу мүмкіндігі мен деректердің қолжетімділігін басқарыңыз және қызметкерлеріңіздің сандық сәйкестік куәліктерін жасау және басқару процесін жүйеге келтіріңіз.

Marks & Spencer логотипі

«Office 365 қызметі пайдалану оңайлығымен ерекше көзге түседі. Біздің қызметкерлеріміз оның танымал құралдары компаниямызда қолданысқа енгізілген сәттен бастап-ақ игеріп кетті.»

- Карл Доусон, АТ жөніндегі директор, Marks & Spencer

ҚОСЫМША МӘЛІМЕТ (Ағылшын тілінде)

Компьютерлері жоқ қызметкерлерге максималды тиімділікпен жұмыс істеуге көмектесіңіз

Дүние жүзі бойынша саны 2 миллиардқа жететін жұмыс ресурстарының потенциалын ашыңыз.

Компьютерлері жоқ қызметкерлерге максималды тиімділікпен жұмыс істеуге көмектесіңіз