Office бағдарламасы қажет кезде және қажет жерде қолжетімді

 

Кез келген жерде, кез келген уақытта, кез келген құрылғыда жұмыс істеңіз. Office 365 қызметі сіз дайын болған кезде дайын болады.

Сіздің сенімді Office бағдарламаңыз енді барлық жерде

Кеңседе немесе жол үстінде жұмыс істесеңіз де, бұрыннан таныс, жоғары деңгейдегі өнімділік құралдарының жиынтығына ие боласыз. Office бағдарламаларының әрқашан жаңартылып отыратын нұсқалары ДК/Mac, iOS, Android™ немесе Windows құрылғысында файлдарды жасауға, өңдеуге және кез келген адаммен нақты уақытта ортақ пайдалануға мүмкіндік береді.

Office 365 қызметінің қолданысы көрсетілген Windows планшеті, ноутбугы, iPad құрылғысы және смартфон.

Кәсіпқойларға арналған құралдар

Танымалдылықты қалыптастыру үшін және компанияңызды оңай жасалатын реттелген жарнамалық материалдармен нарыққа шығару үшін, бизнес-класс электрондық пошта мекенжайына компания атауын қосыңыз. Электрондық пошта мен жылдам хабар алмасудан бастап, әлеуметтік желілер мен бейне конференцияға дейін түрлі байланыс құралдарының арқасында тұтынушылармен және әріптестермен әлдеқайда тиімді байланысыңыз.

Смартфонда Office 365 электрондық пошта тізіміндегі хабарды түртіп тұрған қол.

Топтық жұмысқа арналған құралдар

Әр пайдаланушы үшін 1 ТБ сақтау орнымен барлық файлдарыңыз үшін жеткілікті орын болады. Оған қоса, файлдарыңыз желіде сақталатындықтан, компанияңыздағы немесе одан тыс адамдармен кез келген жерден, кез келген уақытта ортақ пайдалана аласыз. Сондай-ақ бірнеше тараптық HD пішіміндегі бейне, контентті ортақ пайдалану, ортақ күнтізбелер және ұжымдық чат арқылы әрқашан ұжымдық тобыңызбен бір сарында боласыз.

Құжаттар бойынша бірлесіп жұмыс істеу үшін, Office 365 қызметін планшетте және смартфонда пайдаланып отырған әйел адам.

Оңай орнату және басқару

Қадамдық нұсқаулық арқасында пайдаланушыларды оңай реттеп, қызметтерді жылдам пайдалана бастауыңызға болады. Барлық қызметтерді басқару үшін, оңай пайдаланылатын басқару орталығына кез келген жерден қатынаса аласыз. Сонымен бірге, Office 365 қызметі АТ жұмыстарын өз мойнына алады, осылайша қызметтер әрқашан жұмыс күйінде және жаңартулы болады.

Құлақаспап киіп, ДК құрылғысында АТ жұмыстарын жеңілдету үшін, Office 365 қызметін пайдалана отырып жұмыс істеп отырған ер адам.

Компанияңызға сай келетін Office 365 қызметін алыңыз

Fishs Eddy логотипі
«Бизнесіміз өсіп-өркендеген сайын, біз қолданатын бағдарламалық жасақтаманың да қалыспай жетілдіріліп отыруы біз үшін аса маңызды»,

— Джули Гейнс, Fishs Eddy компаниясының негізін салушы

Office 365 қызметі ұсынатын қосымша мүмкіндіктермен танысыңыз

Қосымша контент кейбір тілдерде қолжетімді болмауы мүмкін
Граф белгішесі, Office 365 қызметінің Forrester компаниясының жалпы экономикалық ықпал туралы есебін жүктеп алу

Қаржылық талдау

Forrester компаниясының Microsoft Office 365 қызметі туралы Total Economic Impact™ есебін тексеріңіз

Бұлтқа көшу тренді туралы есеп

Бұлтта тиімді жұмыс істеудің 7 жолы

Қосымша ресурстар

АТ ресурстары

Office 365 жүйе талаптары мен мүмкіндіктерін бағалауға көмектесетін техникалық деректер мен басқа да ресурстарды табыңыз.

Office 365 қауіпсіздікті басқару орталығы

Office 365 қызметін бизнесіңізге арналған сенімді шешімге айналдыратын кеңейтілген қауіпсіздік және сәйкестік мүмкіндіктері туралы мәлімет алыңыз.

Орналастыру бойынша көмек

FastTrack қызметі үздік тәжірибелерді, құралдарды және сіздің сәтті жұмыс істеуіңізді өз міндеті санайтын әріптестерді жұмылдырудың арқасында Office 365 қызметіне еш қиындықсыз көшуге көмектеседі.

Office 365 қызметі бойынша қолдау көрсету

Office анықтама және оқу материалдарынан жауаптар алыңыз. Біздің операторларымызға хабарласып, жұмысты оңай орындаудың жолдарын біліңіз.

Office 365 қызметі көбірек жетістіктерге жету үшін жасалған

Бірлескен жұмыс

Office 365 қызметінің арқасында топтар бірлесіп жұмыс істеуде өзінің сара жолын таңдап, үлкен жетістіктерге жете алады.

Қауіпсіздік

Заманауи жұмыс орнына арнап жасалған Office 365 қызметі ұйымыңызды, деректеріңізді және ең бастысы, адамдарыңызды қорғайды.

Аналитика

Шын мәнінде аналитика құралы болып табылатын Office 365 қызметі маңызды аналитикалық деректерді ұсынады және күн сайын жұмысыңызды барынша тиімді орындауға көмектеседі.

Мобильділік

Әртүрлі құрылғылардағы ыңғайлы интерфейстің арқасында Office 365 қызметі жұмыс қай жерде болмасын тиімді істеуге жағдай жасайды.

Қазір алу

Office 365 жазылымымен тұрақты түрде жетілдіріліп тұратын, өнімділікті арттыруға арналған маңызды құралдарды алыңыз.