PowerPoint 2016: енді Office 365 жазылымының құрамында

PowerPoint

Android планшетіне арналған PowerPoint

Оқиға құрастырып, оны айқындықпен көрсетіңіз. Android™ планшетіне арналған PowerPoint бағдарламасымен қажет кезде жоғары өнімділікке қол жеткізіңіз.

Play Маркет

Басқа Office бағдарламалары туралы ақпарат алу

iPad құрылғысына арналған PowerPoint

Оқиға құрастырып, оны айқындықпен көрсетіңіз. iPad® планшетіне арналған PowerPoint бағдарламасымен қажет кезде жоғары өнімділікке қол жеткізіңіз.

App Store дүкенінен алу

Басқа Office бағдарламалары туралы ақпарат алу

PowerPoint презентациясының слайдында «Түрлендіру» мүмкіндігі көрсетілген планшет. кескінPowerPoint презентациясының слайдында «Түрлендіру» мүмкіндігі көрсетілген планшет.

PowerPoint мобильді бағдарламасы

Телефондар мен планшеттер үшін жасалған интуитивті сенсорлық интерфейс арқылы әсерлі презентацияларды кез келген жерден көріңіз, өңдеңіз және жасаңыз. Презентацияларыңызды барлық құрылғыларыңыз арқылы бұлтта ашыңыз. PowerPoint мобильді бағдарламасымен қозғалыс еркіндігінен ләззат алыңыз.

Apple, Android және Windows логотиптері
PowerPoint презентация слайдында «Құрастырушы» мүмкіндігі көрсетілген планшет.

Презентацияңызды жаңа деңгейге көтеріңіз

Санаулы секунд ішінде кәсіби деңгейдегі презентациялар құрыңыз

PowerPoint құрастырушысы PowerPoint құрастырушысын пайдалану үшін, Office 365 жазылымының керектігі туралы қалқыма сөзкөмек екі оңай қадаммен презентацияңыздың визуалды әсерін барынша жақсартуға көмектесетін жасақтау параметрлерін қамтамасыз ету арқылы жоғары сапалы реттелген презентацияларды ұсынады.

Бір рет басу арқылы анимациялық әсер қосыңыз

«Түрлендіру» мүмкіндігінің «Түрлендіру» мүмкіндігін пайдалану үшін, Office 365 жазылымының керектігі туралы қалқыма сөзкөмек көмегімен анимациялық әсерлерді оп-оңай жасап, ойыңыздағы көріністі жандандыруға көмектеседі. Бірге түрлендіргіңіз келетін слайдтарды көшірмелеп, нысандарды қалаған анимациялық әсерге сәйкес жылжытыңыз да, «Түрлендіру» түймешігін басыңыз.

бейнені жабу түймешігі
def37145-740c-4657-a0a1-1e7309b32b93
«Презентация» режиміндегі PowerPoint слайды көрсетілген планшет.

Нәтижелі презентациялар жүргізіңіз

Тартымды көрініс

Масштабтау функциясы презентацияны оңай әрі өзгеше жолмен шарлауға мүмкіндік беретін интерактивті жиынтық слайд арқылы жандандырады. Презентацияларыңыздағы бөлімдер мен слайдтарды аудиторияңызға ақпаратты бір слайд түрінде жеткізуде ыңғайлы болатын кез келген ретпен ұлғайтыңыз немесе кішірейтіңіз. Масштабтау функциясын пайдалану үшін, Office 365 жазылымының керектігі туралы қалқыма сөзкөмек

Жинақылық

Презентацияларыңызды қарап шығу және қайталау үшін, Office 2016 жиынтығындағы «Баяндамашы көрінісі» мүмкіндігін пайдаланыңыз. Презентацияны екінші экранға шығарған кезде, «Баяндамашы көрінісі» мүмкіндігі презентацияңыздың ағымдағы слайдын, баяндамашы жазбаларын және келесі слайдты көрсетеді.

Бақылау

Автокеңейту функциясы арқылы презентацияны екінші экранға шығарған кезде, слайдтар тиісті экрандарда автоматты түрде пайда болады. Параметрлермен және жабдықпен әуреленудің қажеті жоқ.

Топ бірлесіп жасаған PowerPoint презентациясының слайдтары көрсетілген ноутбук.

Топтық ойын – жеңіс кепілі

Жұмысқа бірге кірісіңіз

Презентацияларыңыз әдепкі бойынша OneDrive, Бизнеске арналған OneDrive немесе SharePoint қызметтерінде онлайн режимде сақталады. Онлайн ортақ пайдалану талаптары қамтылған қалқыма сөзкөмек Сондықтан PowerPoint файлына сілтемемен қоса қарап шығу және өңдеу рұқсаттарын барлығына жіберген кезде, оларда файлдың ең соңғы нұсқасы болады.

Синхронды түрде жұмыс істеңіз

Жұмыс үстеліндегі PowerPoint немесе PowerPoint Online бағдарламасын пайдаланып жатқаныңызға қарамастан, презентацияны тобыңызбен бір уақытта бірлесіп жасаңыз. Сіз және тобыңыз құжаттарды өңдеу және өзгерту кезінде, PowerPoint 2016 бағдарламасындағы жақсартылған журнал нұсқасы алдыңғы нобайларды қарауға немесе оралуға мүмкіндік береді. құжаттарды бірге өңдеу үшін, Office 365 жазылымының керектігі туралы қалқыма сөзкөмек

Байланыста болыңыз

Талқылап жатқан слайд аймағының жанына телефоннан, планшеттен немесе компьютерден/Mac компьютерінен түсініктемелер қосыңыз және жауап беріңіз. Әрбір пайдаланушы кімнің кімге жауап бергенін көре алады.

Ортақ жобаларда бірлесіп жұмыс істеңіз

Office Online бағдарламасы жиі пайдаланылатын Office мүмкіндіктерін және нақты уақытта бірлесіп жасау мүмкіндіктерін біріктіреді, осылайша топтар жұмыста және мектепте ортақ құжаттар, презентациялар және электрондық кестелер бойынша бірлесіп жұмыс істей алады.

Дизайнды жылдам жасау

Өзіңізге тән мәнеріңіз бен кәсіби шеберлігіңізді үлгілер көмегімен көрсетіңіз, оған қоса уақытты үнемдеңіз. 40-тан астам санаттағы PowerPoint үлгілерін шолыңыз.

Мамандарға қосылу

Жаңа мүмкіндіктерді көріп, құжаттарды маман сияқты жасауға, өңдеуге және сәндеуге көмектесетін классикалық кеңестер мен редакторлардың әдістерін алыңыз.

Office мобильді бағдарламаларын алу

Office 365 жазылымының құрамына кіретін Microsoft PowerPoint 2016 — PowerPoint бағдарламасының соңғы нұсқасы. Алдыңғы нұсқаларына PowerPoint 2013, PowerPoint 2010 және PowerPoint 2007 жатады. PowerPoint 2016 бағдарламасы Windows 10, Windows 8.1 және Windows 7 жүйелерімен үйлесімді.

iTunes, iPhone және iPad — Apple Inc. корпорациясының Америка Құрама Штаттарында және басқа елдерде тіркелген сауда белгілері. Android — Google Inc. корпорациясының сауда белгісі.